
Тұтынушылар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында фискалдық чек пен тауарлық чек әртүрлі құжаттар болып табылатынын және олардың құқықтық мәні әртүрлі екенін еске саламыз.
✅ Фискалдық чек бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану арқылы қалыптастырылады және ақшалай есеп айырысудың тіркелгенін растайды. Құжатта міндетті деректемелер, оның ішінде фискалдық белгі мен QR-код қамтылады, ал жасалған сату туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелеріне жіберіледі.
🧾 Тауарлық чек сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) туралы ақпаратты қамтиды, алайда онда фискалдық белгі болмайды және ол БКМ-де ақшалай есеп айырысудың тіркелгенін растамайды. БКМ қолдану міндетті болып табылатын жағдайларда тауарлық чек фискалдық чектің орнын алмастырмайды және тек қосымша құжат ретінде ғана берілуі мүмкін.
❗ Назар аударыңыз: БКМ қолдану міндетті болған жағдайда ақшалай есеп айырысу кезінде сатушының сатып алушыға фискалдық чек беруі міндетті. Фискалдық чек есеп айырысудың заңнама талаптарына сәйкес жүргізілгенін растайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1263490?lang=ru

Жауап қалдыру