
2026 жылғы 23 шілдеде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Д.С. Қойшыбаевтың төрағалығымен Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Әулиекөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» бойынша Әулиекөл ауданының әкімі Ж.К. Тәукенов баяндама жасады.
Талқылау барысында аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ф. Тұрмағамбетов Әулиекөл ауданы әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп танып, ұсынылған есепке оң баға берді.
Сондай-ақ, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Т. Печникова «2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 391 «Әулиекөл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 399–411 «Әулиекөл ауданының ауылдарының, кентінің және ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімдердің жобаларын таныстырды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешімдердің жобаларын бірауыздан қолдап, тиісті өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-auliekol/press/news/details/1262961?lang=ru

Жауап қалдыру