«Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі 110, 2 қабат.

Кәсіпорынның атауы: Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту архив ісі  басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Кәсіпорынның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі 110, 071400, тел. 8 777 695 46 66.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

         Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын (бұдан әрі Үкіметтің № 1193 қаулысы);

архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлерді;

архив ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені, заманауи ақпараттық технологияларды;

ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістерін;

еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;

ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, санитариялық қағидаларды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде, яғни 2026 жылғы 27 шілдеден бастап 2026 жылғы 29 тамызға дейін сағат 18:30-ға дейін, конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында («Семей Таңы» газеті) жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110-үй, 2-қабат мекенжайында орналасқан басқармаға төмендегі құжаттарды қолма-қол ұсынады:

  1. қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілуі тиіс);
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, қызметтік тізімі;
  6. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  7. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
  10. наркологиялық есепте (динамикалық бақылауда) тұрмайтыны туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін, оларды кандидаттар ретінде бекіту туралы, әңгімелесуден өту күні, уақыты мен орны туралы және біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуден өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру және т.б.) өз қаражаты есебінен жүргізеді. Анықтама телефоны: 8 777 695 46 66.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1263137?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді