
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында денсаулық сақтау ұйымдары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында инфекциялық және паразиттік аурулар, тағамнан улану жағдайлары, сондай-ақ иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер бойынша шұғыл хабарламаларды уақтылы ұсыну, оларды тіркеу, есепке алу және есептілікті жүргізу мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар қатысушыларға иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тексеру тәртібі, вакциналардың қауіпсіздігін мониторингтеу және медициналық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді енгізу алгоритмі түсіндірілді.
Семинар аясында «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-нің өкілі медициналық ақпараттық жүйедегі электрондық хабарламалар нысандарын толтыру және енгізу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының өкілі өз құзыреті шегінде вакциналардың қауіпсіздігін мониторингтеу және иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу мәселелері бойынша ақпарат берді.
Мұндай оқыту іс-шаралары мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіруге және инфекциялық аурулар мен иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді есепке алу мен мониторингтеу сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1263508?lang=ru

Жауап қалдыру