Ақтөбеде жалға алған пәтерден теледидар ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде жалға алған пәтерден теледидар ұрлап кеткен күдікті қолға түсті. Полиция қызметкерлері тәулікке жалға алынған пәтерден ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті пәтерді бір тәулікке жалға алып, кетер кезінде қабырғаға ілінген теледидарды шешіп алып кеткен. Пәтер иесі мүлкінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 70 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол көршілес облыстың тұрғыны болып шықты. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында күдіктінің ұрланған теледидарды белгісіз адамдарға сатып жібергені анықталды. Қазіргі уақытта полицейлер ұрланған мүліктің орналасқан жерін анықтап, оны заңды иесіне қайтару бағытында қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1263482?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді