
Бүгін «Жасанды көл» жағалауында ашық аспан астында ұйымдастырылған «Түркістан әуендері» мерекелік концерті тұрғындар мен қала қонақтарының басын қосты.
Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар эстрадалық және халық әндерін орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Музыкалық кеш барысында көрермендер сүйікті туындыларын бірге шырқап, өнер иелерінің шығармашылығына зор ықылас білдірді.
Жазғы мәдени кеш тұрғындардың мазмұнды демалысын ұйымдастыруға, ұлттық өнерді насихаттауға және қаладағы мәдени ортаның белсенділігін арттыруға бағытталды. Ашық алаңда өткен концерт жылы атмосфера қалыптастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
Түркістан қаласында тұрғындар мен туристердің мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған мұндай ашық аспан астындағы концерттер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262895?lang=kk

Жауап қалдыру