
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қалалық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.
Жаз басталғалы бері қалада мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуының 123 дерегі тіркелген.
Құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережесін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қала тұрғындары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет.
Құқық бұзушылықтың әрбір дерегі қала прокуратурасының бақылауында.
#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1263215?lang=ru

Жауап қалдыру