
Өңір басшысы кездесуді ашып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың артқан сенімін зор мәртебе әрі салмақты жауапкершілік деп қабылдайтынын атап өтті.
— Ата-бабамыз қандай да бір іске кірісер алдында үлкеннің батасын алып, ақыл-өсиетін тыңдаған. Менің де осы игі дәстүрден озбай, сіздермен жүздесіп, ұсыныс-тілектеріңізді тыңдағым келді, — деді Болат Ақшолақов.
Кездесуге жиналғандар ашық диалог орнатып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, жастар тәрбиесі, рухани құндылықтарды сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және билік пен халықтың өзара іс-қимылына қатысты ұсыныстар айтты.
Болат Ақшолақов ардагерлердің көп жылғы адал еңбегі мен облыстың дамуына қосқан үлесіне алғыс айтты.
Облыс әкімі кездесуді қорытындылай келе, ұсыныстар мен көтерілген проблемалардың бақылауға алынғанын және өңірді дамытудың өзекті мәселелері қараларда аға буынның пікірі мен тәжірибесі ескерілетінін қоса айтты.
— Бүгін айтылған барлық ұсыныстың да маңызы зор. Біз осы арқылы облыстың тұрақты дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған салмақты шешімдер шығаруға септігін тигізетініне сенімдімін. Бүгінгі кездесуге келген әрқайсысыңызға ризашылығымды білдіремін, — деп түйіндеді Болат Ақшолақов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1262974?lang=ru

Жауап қалдыру