Балалардың еңбек құқықтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 17 шілдесінде Департамент басшысының орынбасары Е.Дәулетұлы және облыстық Полиция департаментінің Ювеналды Полиция тобының қызметкерлері қатысуымен құрылған Жұмыс тобы, облыс орталығының бірқатар тамақтану және жазғы демалыс орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Жұмыс барысында балалардың еңбек құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мониторинг бойынша 50-ден астам азаматтарға, соның ішінде жұмыскерлер мен басшыларға, әрі ата-аналарға жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, оқыс оқиғалардың алдын алуға, жұмыс берушілердің кәмелеттік жасқа толмаған жұмыскерлер алдындағы міндеттері мен еңбек заңнамасындағы балалар еңбегіне қатысты шектеулері түсіндірілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға Жұмыс тобы мүшелері тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1263099?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді