«БИ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ПАДИШАСЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін «Конгресс Холл» кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ би өнерінің көрнекті өкілі Ұлжалғас Әбенқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Би Патшалығының Падишасы» атты шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты кешке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, мерейтой иесін мерейлі жасымен құттықтады. Өз сөзінде ол Ұлжалғас Әбенқызының ұлттық би өнерін дамытуға, жас таланттарды тәрбиелеуге және қазақ мәдениетін насихаттауға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, шығармашылық жолына тіледі.
Мерейтойлық кешке зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының майталмандары, ардагер өнер қайраткерлері, шәкірттері, әріптестері және өнерсүйер қауым қатысты.
Кеш барысында сахна төрінде Ұлжалғас Әбенқызының шығармашылық ғұмыры кеңінен насихатталып, шәкірттері мен өнер майталмандарының қатысуымен арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермен назарына ұлттық және заманауи би қойылымдары, арнау әндер мен әсерлі шығармашылық композициялар ұсынылып, мерейтой иесіне ерекше құрмет көрсетілді.
Тағылымы мол өнер кеші қазақ би өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның шығармашылық мұрасын ұлықтап, көрерменге рухани әсер сыйлаған тағылымды мерекеге айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді