Бүгін, 2026 жылғы 24 шілдеде Арман Исмаиловтың төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Отырысқа «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы  Айжана Тлеугалеева , «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Турлубекова қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Шығып қалғандардың орнына Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы».
  2. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №208 «Қостанай қаласының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Отырыс қорытындысы бойынша баяндамашылар енгізілген өзгерістерге қатысты түсініктемелер берді.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілді.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №208 «Қостанай қаласының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе депутаттардың көпшілік дауысымен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1263485?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді