Дара кәсіпкер ретінде тіркелуі жөніндегі міндеттеме туындау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Егер азамат тұрақты түрде табыс тауып, тауар сатып немесе қызмет көрсетіп жүрсе, кәсіпкерлік қызметін заңдастыруы қажет.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының нормаларына сәйкес,

 Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттiк тiркеуге:

1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;

2) кәсіпкерлік қызметтен табыс көлемі айлық есептік көрсеткіштен 360 еселенген мөлшерінен (1,5 млн.тг.) асқан жағдайда жеке тұлға – дара кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Сонымен қатар, егер Сіз жалдамалы жұмыскердің еңбегін тұрақты түрде пайдаланбасаңыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиммен жұмыс істесеңіз және өз бетінше салық салуға жататын кірістер бойынша салық төлеп жүрсеңіз – онда Сіз кәсіпкер ретінде тіркемеуге құқылысыз.

Жеке кәсіпкерлікті тіркеу жолдары:

Қазір жеке кәсіпкер ретінде тіркелу бірнеше минуттың ішінде онлайн жүзеге асырылады. Ол үшін электрондық сервистерді пайдалану жеткілікті. Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ.

Мысалы, тіркелу жолдары: «Е-лицензирование» elicense.kz, екінші деңгейдегі банктердің мобилды қосымшалары арқылы және.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 110-бабына сәйкес, барлық есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілуі тиіс.

Заңды кәсіп жүргізудің қандай артықшылықтарды береді:

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің басты артықшылығы – кәсіпті заңды түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Заңды түрдегі кәсіпкерлік Мемлекеттін қорғауында болады.

Тіркелген кәсіпкер фискалдық чек бере алады, қолма-қол және қолма-қолсыз төлем қабылдайды, заңды тұлғалармен жұмыс істей алады, қолайлы салық режимін таңдайды, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ең бастысы – бұл кәсіпкердің беделін арттырып, тұтынушылардың сенімін күшейтеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдікке ие болады, мысалы міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесі.

Кәсіпті тіркемей жұмыс істеген жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған:

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес, егер әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың барлығына адал кәсіпкерлікті жүзеге асыруға шақырамыз.

Кәсіпкерлік қызмет, Мемлекетіміздің экономиканың дамуына әсерін тигізеді. Адал кәсіпкерлік – заң талаптарын сақтаумен қатар, бизнестің тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

 Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1263163?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді