Елорда тұрғынынан тіркелмеген автомат тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тіркелмеген атыс қаруын заңсыз сақтау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, елорданың 49 жастағы тұрғыны өз үйінде автомат сақтаған.
Қару тәркіленді. Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қарудың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, беру және өткізу фактілерін анықтап, сондай-ақ тіркелген қару иелерінің оны сақтау талаптарын сақтауын тексеруде.
Полиция заңсыз қару сақтау және оның заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Егер сізге қаруды заңсыз сақтау деректері белгілі болса, бұл туралы полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1263301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді