Эндуро және электрлі мотоциклдерді пайдалану барысында орын алған заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Ауылдық округ тұрғындарының өтініштері негізінде Еңбекшіқазақ ауданының аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп эндуро және электрлі мотоциклдерді пайдалану барысында орын алған заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.
     Рейд барысында кейбір мотокөлік жүргізушілерінің түнгі уақытта қозғалып, тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды. Сонымен қатар, бірқатар жүргізушілерде көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттар мен мототехникаға қатысты құқық белгілейтін құжаттар болмаған.
     Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 10 мотокөлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың мототехникасы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес арнайы айып тұрағына қойылды.
     Ауылдық округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1263329?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді