КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 300-ДЕН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында 2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарлама аясында жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 339 жоба қаржыландырылып, 750 жаңа жұмыс орны ашылған. Бағдарлама арқылы мал және өсімдік шаруашылығы, жылыжай кешендері, өндірістік кооперативтер мен шағын кәсіпкерлік жобалар қолдау тауып келеді. Бүгінде ауданда жүзім шаруашылығы, шұлық өндірісі, сүт өнімдерін өңдеу және жылыжай бағытындағы жобалар табысты жүзеге асырылуда. 2026 жылы бағдарлама аясында 154 жобаны қаржыландырып, 310 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Жоба аясында ауылда кәсіп ашқысы келетіндер жылдық 2,5% мөлшерлемемен шағын несие ала алады. Бұл қаражат мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы немесе кооперативтер құру сияқты жобаларға беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1263400?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді