Маңғыстаулық полицей джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің инспекторы, полиция лейтенанты Закарин Нұрбек Нұркенұлы джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, құрлық чемпионы атанды.

Полиция қызметкері Contact дисциплинасы бойынша 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, барлық белдесуін сенімді өткізіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осылайша ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын халықаралық додада биікке көтерді.

Бұл жеңіс – спортшының көп жылғы қажырлы еңбегі, үздіксіз жаттығуы мен жоғары кәсіби дайындығының нәтижесі.

Закарин Нұрбек Нұркенұлы – джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионы, джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының спорт шебері және қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті кубогының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі кубогының және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі кубогының жеңімпазы. Сондай-ақ армиялық қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында күміс және қола жүлделерге ие болған.

Б. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының түлегі бүгінде ішкі істер органдарындағы қызметін кәсіби спортпен табысты ұштастырып келеді. Өзінің тәртіптілігі, табандылығы және кәсібіне деген адалдығының арқасында ол қызметте де, халықаралық спорт аренасында да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Полиция лейтенанты Закарин Нұрбек Нұркенұлының Азия чемпионатындағы жеңісі – оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының және Ішкі істер министрлігінің спорттық беделін халықаралық деңгейде нығайтуға қосылған маңызды үлес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1263495?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді