
Түркістан қаласында тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылау мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жауапты сала басшыларымен бірге бірқатар қоғамдық кеңістіктерді аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу барысын тексерді.
Аралау барысында қала басшысы Конгресс холл көпсалалы кешені, Қолөнершілер орталығы, «Керуен сарай» туристік кешені және Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы спорт кешені аумақтарындағы санитарлық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының орындалу барысын бақылап, тазалығын тұрақты сақтауды, жасыл желектерді күтіп-баптап, суару жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді, инженерлік инфрақұрылымдағы ақауларды дер кезінде қалпына келтіруді және ортақ пайдаланылатын аумақтарды талапқа сай күтіп ұстауды тапсырды.
– Түркістан – еліміздің рухани, туристік, әрі ең таза қалаларының бірі. Сондықтан қаланың тазалығы мен көркі, қоғамдық кеңістіктердің талапқа сай күтіп ұсталуы және инженерлік инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі әрдайым бақылауда болуы тиіс. Барлық жұмыс сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы қажет, – деді қала әкімі.
Қала аумағындағы тазалық пен абаттандыру жұмыстары коммуналдық қызметтердің күнделікті еңбегі арқылы тұрақты қамтамасыз етілуде. Осы ретте қала әкімдігі тұрғындарды меншікті мекен-жайлары мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262893?lang=kk

Жауап қалдыру