Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылдың I-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алқаның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Департамент басшысы – алқа төрағасы Юрий Залыгин, Департамент басшысының орынбасарлары, “Ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық басқармалардың орынбасарлары мен бөлім басшылары, мамандар қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік тапсырыстың орындалуы, эпидемиологиялық ахуал, оның ішінде вакцинамен басқарылатын инфекциялар, аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез бойынша жағдай, медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылауды ұйымдастыру, білім беру, коммуналдық маңызы бар және қоғамдық тамақтану объектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, еңбек гигиенасы мәселелері, бақылау сатып алуларының нәтижелері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламаларын іске асыру, әкімшілік практика, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері, сондай-ақ Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жеке қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған хаттамалық шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1263382?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді