
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» тақырыбындағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысуда.
Ертіс өзенінің экожүйесін сақтауға арналған тақырыптық сессия аясында қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.
М.Т. Ошурбаев Қазақстан мен Ресей арасында трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылғанын атап өтіп, Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын орнықты пайдалану салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1263417?lang=ru

Жауап қалдыру