Қазақстандық тұрғын үй компаниясы реновацияға арналған жаңа кепілдік тетігін іске қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді реновациялауға арналған кепілдік беру тетігін әзірледі. Бұл құрал реновациялау жобаларына жеке инвестицияларды тартуға бағытталған және үлестік құрылыс туралы заңнамада белгіленген тәртіпке ұқсас тұрғын үй меншік иелерінің құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз етеді. «Реновациялау процесінде тұрғындар өз пәтерлерін «бөлмеге – бөлме» қағидаты бойынша тапсыра алады, ал құрылыс салушылар компанияның кепілдіктерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады», – деді ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев. Оның айтуынша, реновациялау аясында кепілдік беру туралы шартта жобаны кезең-кезеңімен іске асыру (құрылысқа қажетті құжаттарды дайындау процесінен бастап нысанды пайдалануға бергенге дейін), техникалық-экономикалық көрсеткіштер және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Уәкілетті компания сақтауға тиіс өзге де міндетті түрде орындалуы керек шарттары көзделеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1263083?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді