ҚАЖ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде жеке құрам қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыбында оқу-дәрісі ұйымдастырылды.

Іс-шараны Ақтау қалалық емханасының медицина қызметкерлері өткізді. Дәріс барысында қатысушыларға төтенше жағдай кезінде зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету алгоритмі түсіндіріліп, адам өмірін сақтап қалуға бағытталған шұғыл іс-қимылдар бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

Сондай-ақ медицина мамандары жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, қан кетуді тоқтату, түрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін тәжірибелік тұрғыда көрсетті.

Мұндай оқу іс-шаралары қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және адам өмірін сақтап қалуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1263553?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді