Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 23 шілдеде Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
🔹 Кездесу барысында Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары туралы баяндап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты конституциялық өзгерістерге ерекше назар аударды.
🔹 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысушыларды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерімен таныстырып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын еске салды.
🔹 Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік органдар қызметінде заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1262989?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді