Шымкент қаласының әкімі Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, сондай-ақ туризм, мәдениет және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Тараптар Шымкент қаласы мен Франция арасындағы әріптестікті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан бірлескен бастамаларға оң баға берді. Атап айтқанда, Францияның Құрметті консулдығының ашылуы және ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының іске асырылуы екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтергені айтылды.

Сонымен қатар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық туристік алмасуды кеңейту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Францияның визалық орталығын Шымкент қаласында ашу мүмкіндігі де талқыланып, бұл бастама өңір тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1263055?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді