
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Солоновка ауылдық округінің аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Солоновка ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, мектептердің, балабақшалардың және ауылдық клубтың ұжымдары белсенді қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде бұлақ аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру, ауылдардың орталық көшелерін тазарту, сондай-ақ автомобиль жолы бойындағы аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік қорытындысы бойынша 50-ден астам қап қоқыс жиналып, шығарылып, тиісті тәртіппен кәдеге жаратылды.
Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы, туған жердің тазалығы мен көркеюіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Солоновка ауылдық округінің барлық тұрғындарын алдағы экологиялық акциялар мен сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырамыз! Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана ауылдарымыздың тазалығы мен көркін сақтап, оны келер ұрпаққа аман жеткізе аламыз.
Таза ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз! 🌱♻️

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-solonov/press/news/details/1263008?lang=ru

Жауап қалдыру