«Таза Қазақстан» – тазалық мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұрма ауылында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Акция барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, бейберекет жатқан қоқыстар шығарылып, ауыл аумағын ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

Туған жердің тазалығы – әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі мен туған өлкеге деген жанашырлығының белгісі. Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – әр азаматтың күнделікті өмірлік қағидасына айналуы тиіс.

Бұрма ауылдық округі әкімдігі ауыл тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және туған ауылымыздың көркеюіне белсенді үлес қосуға шақырады. Бірлігіміз бен ұйымшылдығымыздың арқасында ауылымыздың ажары артып, келешек ұрпаққа таза да көрікті мекен қалдырамыз.

Тазалық – өзімізден басталады!
Бірге таза ауыл, таза Қазақстан құрайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-burma/press/news/details/1262996?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді