Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Созылмалы және әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы.
 
Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады.
Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ – 75 бұйрығымен бекітілген.
 
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету келесі ауру нозологиялар бойынша жүзеге асады: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, бронх демікпесі, қант диабеті, ревматоидты артрит және басқалары.
 
Дәрі-дәрмекті алу үшін науқас өзінің аймақтық дәрігеріне жүгінуі қажет. Дәрігер науқасқа оның медициналық көрсеткіштері қарай және қажеттілік болған жағдайда дәрі-дәрмекке рецепт жазып береді. Берілген рецептпен науқас өзінің жеке басын куәландыратын құжатымен бірге емхананың дәріханасына баруы тиіс.
 
Егер пациент қажетті препаратты ұзақ уақыт бойы ала алмаса, «СК-Фармация» байланыс орталығына 1439 нөмірі арқылы жүгінген жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1263059?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді