ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 78 МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫ БОЛАТЫН МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысы қарсаңында «Қазақстан – Өзбекстан: бірлескен жобалар және өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында бизнес-диалог өтті.
Іс-шара екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты нығайтудың тиімді алаңына айналды. B2B форматындағы кездесулер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өзара тауар айналымын ұлғайту мәселелерін талқылады.
Форум барысында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының бизнес өкілдері жалпы құны 66 млн АҚШ долларын құрайтын бес ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Атап айтқанда, 47 млн АҚШ доллары көлемінде металл өңдеу зауытын салу жобасы жүзеге асырылады. Кәсіпорында профлист, металл құбырлары, сэндвич-панельдер және жеңіл болаттан жасалған жұқа қабырғалы конструкциялар (LSTK) өндіріледі.
Сонымен қатар 2 млн АҚШ доллары көлемінде күнбағыс майын өндіретін зауыт салу, 5 млн АҚШ доллары көлеміндегі жоба аясында жүгеріні терең өңдеу өнімдерін экспорттау, 12 млн АҚШ доллары көлемінде ет өңдеу кешенінің өнімдерін сыртқы нарыққа шығару және тағы 12 млн АҚШ доллары көлемінде тұқы (карп) өсіруге арналған заманауи балық шаруашылығы кешенін құру көзделген.
Форум аясында сауда және экспорттық кооперация, көлік-логистикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ су қауіпсіздігі мен экологиялық ынтымақтастық мәселелері бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері өзара тәжірибе алмасты.
Өзбекстан Республикасы – Түркістан облысының негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Қол қойылған меморандумдар өңірге инвестиция тартуға, жаңа өндірістерді іске қосуға, экспорттық әлеуетті арттыруға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға тың серпін береді.
Түркістан облысының делегациясы ертең өтетін Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысына қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1263090?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді