ТҮРКІСТАНДА SMART CITY ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру және өңірлердің цифрлық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі және облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасы аясында Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамыту және Smart City жобаларын кезең-кезеңімен іске асыру мәселелері бойынша арнайы мәжіліс өтті.
Жиынға қатысқан Avtobus компаниясы мен «Транстелеком» АҚ өкілдері қоғамдық көлікті интеллектуалды басқару, автожолдардың сапасын цифрлық бақылау, бейнебақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заманауи технологиялық шешімдерін таныстырды.
Қалалық көліктің интеграцияланған басқару жүйесін енгізу, төтенше жағдайлар кезінде өрт қауіпсіздігін басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған жобалары да ұсынылды.
Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жауапты сала басшыларына ұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеп, олардың тиімділігін саралауды және кезең-кезеңімен іске асыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ, цифрлық технологияларды енгізу арқылы қала инфрақұрылымын жетілдіру, басқару тиімділігін арттыру және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды да жүйелі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262886?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді