
Қаладағы дәмханалардың бірінде келушінің телефонын жасырын жымқырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша келуші алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін үстел басында ұйықтап қалған. Осы сәтті пайдаланған белгісіз ер адам оның жанындағы үстелде жатқан телефонды жасырын түрде алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде телефон ұрлығының 117 дерегі тіркелген. Полиция азаматтарды жеке мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Телефон ұрлығының алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады: телефонды қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмаңыз; телефонды үстелге немесе көпшілікке көрінетін жерге қоймаңыз; алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынбау, себебі бұл қырағылықты төмендетуі мүмкін; телефонды ішкі қалтаға немесе жабылатын сөмкеде салу; мүлік жоғалған жағдайда уақыт оздырмай полицияға хабарлау керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1263489?lang=ru

Жауап қалдыру