
Ағымдағы жылғы 22 шілдеде қала жұмыс берушілерімен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген жұмыс орындары квотасын орындау мәселелері бойынша кездесу өтті.
Іс-шараға Астана қаласы прокуратурасының, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында еңбек заңнамасын сақтау, жұмыс берушілердің белгіленген жұмыс орындары квотасын орындауы, сондай-ақ аталған санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып тәжірибеде туындайтын мәселелерді қарастырды және азаматтарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1263541?lang=ru

Жауап қалдыру