
Алматы қаласының Әділет департаменті Киберполиция бөлімшесімен бірлесіп халықаралық құқық иеленушіге тиесілі бөтен тауар белгісін және айырғысыз дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында заңсыз айналымнан халықаралық құқық иеленушінің тауар белгісімен айырғысыз дәрежесіне дейін ұқсас белгі заңсыз таңбаланған 52 000 мыңнан астам өнімнің монтаждау желімі тәркіленді.
Тәркіленген өнімнің жалпы құны 5 млн теңгеден асады.
Тексеру нәтижесі бойынша уәкілетті лауазымды тұлғалармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттамалар толтырды.
Іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады.
Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілеріне құқықтарды қорғау және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1263631?lang=ru

Жауап қалдыру