
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында Каменка ауылы маңындағы су айдынының ластануы, сондай-ақ «Игілік» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жеңілдетілген несие беру мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштері қаралды.
Көтерілген әрбір мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1263655?lang=ru

Жауап қалдыру