
Күн сайын полиция қызметкерлері Талдықорған тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметке түседі. Қала көшелеріндегі тыныштық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы – жауапкершілік, төзімділік және қызметке деген адалдықты талап ететін күнделікті еңбектің нәтижесі.
Талдықорған қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Нұржан Жасұлан Сайраұлы ішкі істер органдарында 13 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бүгін оның қызметі жаз мезгілінде ең көп келушілер жиналатын демалыс орындарының бірі – қалалық жағажайда өтуде.
Нұсқама алғаннан кейін полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге кіріседі. Олар аумақты патрульдеп, демалушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деректерінің жолын кеседі және кез келген құқық бұзушылыққа жедел әрекет етеді.
Жағдайды бақылау үшін адамдар көп шоғырланатын орындарды қадағалап, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылады. Түннің бір уағына дейін полиция қызметкерлері жағажайды патрульдеуді жалғастырып, оған іргелес аумақтағы жол қозғалысы жағдайын да бақылауда ұстайды.
Полиция қызметкерінің бір күні – бұл көмекке әрдайым дайын болу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын қауіпсіз ету жолындағы жауапты қызмет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1263644?lang=ru

Жауап қалдыру