ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы шеңберінде кездесу-семинар өтті.
✔️Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер мен дербес бөлімдердің басшылары қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
✔️Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалының доценті Е. Бекбосынов пен Академияның доценті, саяси ғылымдар кандидаты С. Рысбаева баяндама жасап, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен есептілікті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы құқықтық сананы нығайту мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.
✔️Сонымен қатар, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, жоба үйлестірушісі Сабира Байзахова жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берді.
✔️Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1263623?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді