🔹МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов жұмыс сапарымен Қызылжар ауылдық округінде болып, әлеуметтік нысандардың, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың және инфрақұрылымдық нысандардың қазіргі жай-күйімен танысты.

Сапар барысында Шевченко негізгі мектебінің жағдайы қаралып, білім беру нысанына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар аудан әкімі ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмыс барысын көрді. «Алина» шаруа қожалығының егістік алқабын аралап, шаруашылық басшысы Белый Виктормен егін шаруашылығының жай-күйі жөнінде пікір алмасты.

«Қызылжар» шаруа қожалығында мал азығын дайындау жұмыстарының барысы таныстырылды. Шаруашылық басшысы Сагизбаев Қанат. Шаруашылықтың негізгі бағыты – мал және егін шаруашылығы. Қожалықта 200 жылқы тіркелген.

Сондай-ақ «Алтын жер и Ж» шаруа қожалығының мал азығын дайындау жұмыстары қаралды. Шаруашылық басшысы Хусаинов Жанқуат. Шаруашылық мал және егін шаруашылығымен айналысады. Бүгінде мұнда 112 жылқы және 530 ұсақ мал тіркелген.

Жұмыс сапары барысында Тарангул өзені арқылы өтетін көпірдің техникалық жай-күйі де зерделенді. Аталған нысанның жағдайы қаралып, қауіпсіздік талаптары мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты мәселелер назарға алынды.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1264254?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді