
2026 жылғы 21–24 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Кенжебеков Канат Сагинганович және Фармацевтикалық бақылау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Аманов Мирлан Бекетович Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлттық ведомствоаралық таргетинг орталығы алаңында ұйымдастырылған халықаралық кездесулер мен консультациялар сериясына қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдерімен қатар АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасының (DEA), АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL), сондай-ақ АҚШ Кеден және шекара қызметінің Ұлттық таргетинг орталығының (CBP) сарапшылары қатысты.
Кездесулер барысында қатысушылар халықаралық тәжірибемен алмасып, есірткі құралдарының, жаңа психоактивті заттардың, химиялық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, деректерді талдаудың заманауи тәсілдері, тәуекелге бағдарланған бақылау жүйесі, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Департамент өкілдерінің мұндай іс-шараларға қатысуы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, кәсіби құзыреттерді жетілдіруге және прекурсорлардың заңды айналымын қамтамасыз ету мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласына озық халықаралық тәжірибені енгізуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1264299?lang=ru

Жауап қалдыру