«Family Fest – 2026»: Талдықорғанда 40 жұп егіз бір сахнада бас қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Family Fest – 2026»: Талдықорғанда 40 жұп егіз бір сахнада бас қосты

Талдықорған қаласының жағажайында «Family Fest – 2026» отбасылық фестивалі өтіп, қала тұрғындарына жарқын көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

Фестивальдің ең көрікті әрі көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген сәттерінің бірі егіздер шеруі болды. Шеруге Талдықорған қаласында тұратын егіздермен қатар үшемдер мен төртемдер де қатысып, мерекенің сәнін келтірді. Жалпы саны 40 жұп егіз көпшілік алдында шеру жасап өтті.

Қатысушылардың қатарында небәрі 6 айлық егіз сәбилер де, Еркін ауылынан келген 18 жастағы егіздер Аман мен Есен де болды. Түрлі жастағы егіздердің бір сахнада бас қосуы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырып, фестивальдің ең есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.

Аман мен Есен, фестиваль қатысушылары:

«Егіздер шеруіне алғаш рет қатысып отырмыз. Көңіл күйіміз керемет, ерекше әсер алдық. Мұндай мерекелер адамдарды жақындастырып, ұмытылмас естеліктер сыйлайды. Барша ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз», – дейді егіздер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1264203?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді