
Түркістан облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).
Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет .
Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;
2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;
3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;
4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу;
5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиды.
Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.
Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:
1) Басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;
2) Алынбаған тәртіптік жазалары бар;
3) Оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Түркістан облысы прокуратурасының Кадрлық жұмыс тобы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1264133?lang=ru

Жауап қалдыру