
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылдық округте сенбілік ұйымдастырылып, ауыл аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке мекеме қызметкерлері қатысып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1263869?lang=kk

Жауап қалдыру