🔰 АРЫС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹️ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың 27 шілде күні Арыс қаласында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің еңбек құқығын бақылау мақсатында кезекті профилактикалық тексеру іс-шарасы өтті.
 
🔹️ Профилактикалық тексеру іс-шарасы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Сыздыковтың және Арыс қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесіп Арыс қаласында орналасқан “Lavash LC”,” LALA sushi”, “Karaoke bar Astoria”,” Madi” кафесі, “Қарлығаш” мейрамханаларына жүргізілді.
 
🔹️ Іс шара нәтижесінде еңбек шартынсыз жұмыс жасап жүрген 4 жасөспірімдер анықталып, Арыс қалалық полиция бөлімімен есепке алынды. Осындай рейдтік іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1264763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді