🔰 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔷 Үстіміздегі жылдың 24 шілдесі күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті. Отырыс барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ведомство қызметінің қорытындылары қаралып, жыл соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды.
 
🔷 Отырысқа министрлік қызметкерлері, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, комитеттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
 
🔷 Отырысты ашқан Асқарбек Ертаев министрліктің мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыруды жалғастырып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, жұмыспен қамтуды арттыру, еңбек қатынастарын реттеу және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырғандығын атап өтті.
 
🔷 Есепті кезеңде еңбек нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік төлемдердің уақытылы тағайындалуы мен төленуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың осал санаттарын қолдау және цифрлық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту бойынша атқарылған жұмыстарға ерекше назар аударылды.
 
🔷 Сонымен қатар министрлік еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жетілдіру және әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды шегелеп өтті.
 
🔷 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген отырысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы Департаменттің 2026 жылдың 6 ай қорытындысының есебі бойынша өз баяндамасын жасады.
 
🔷 Отырыс қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелері, комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын және 2026 жылдың соңына дейін барлық нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
 
🔷 Айта кету қажет, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сәйкес жүргізілген бағалау нәтижесінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті аумақтық департаменттер арасында бірінші орынға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1264049?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді