
Семинарға Маңғыстау облысының қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, сондай-ақ өңірдегі кәсіпорындардың басшылары, медициналық қызметкерлері және жауапты мамандары қатысты.
Іс-шараны Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшы орынбасары Әмірғали Зейнешұлы Жанаев және Маңғыстау облысының СЭБД басшысының орынбасары Сатқанбаева Б.Т. ашып, халық денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, бағалау және талдау бөлімінің басшысы Рахметова М.Е., «ДДҰ жобасы «Салауатты жұмыс орындары»: мақсаттары, міндеттері және кәсіпорындарда іске асыру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, аталған жобаның негізгі бағыттары, оны іске асыру тетіктері және жұмыс орындарында қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар «Салауатты өмір салты: созылмалы обструктивті өкпе ауруының алдын алу мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасалып, созылмалы обструктивті өкпе ауруының негізгі қауіп факторлары, ерте анықтау, алдын алу шаралары, аурудың алғашқы белгілері, диагностикасы, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы және аурудың алдын алудағы профилактикалық шаралар кеңінен түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, тақырып аясындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1264173?lang=ru

Жауап қалдыру