
Жиында кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің және электронды темекінің (вейп) таралуының алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелерді саралай келе, отырыс қорытындысы бойынша сауда нүктелерінде кәмелетке толмағандарға тыйым салынған заттарды сату фактілерін анықтау мақсатында профилактикалық рейдтерді тұрақты жүргізуді ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында зиянды әдеттердің салдары мен ағзаға тигізер зияны туралы түсіндіру және ағарту жұмыстарын күшейту, өмірде қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға консультациялық әрі әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ жастарды дене шынықтырумен, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын насихаттайтын қоғамдық іс-шараларға кеңінен тарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-aktogay/press/news/details/1264553?lang=ru

Жауап қалдыру