
Аудан әкімі мүгедектігі бар азаматтар мәселелері жөніндегі аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Әлмағамбетова Гүлнар Дәулетханқызын туған күнімен және зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.
Аудан әкімі Гүлнар Дәулетханқызына көп жылғы адал еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі және мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
Өз ісіне деген адалдығы, жауапкершілігі және адамдарға деген жанашырлығы үшін ризашылығын жеткізген аудан әкімі Гүлнар Дәулетханқызына зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт, ұзақ ғұмыр, сарқылмас қуат пен бақ-береке тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1264168?lang=ru

Жауап қалдыру