Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Жосалы ауылында болып, әлеуметтік нысандардың алдағы қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Жосалы ауылында болып, әлеуметтік нысандардың алдағы қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Сапар барысында білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарындағы жылу жүйелерінің жағдайы, отын қоры, электр және сумен жабдықтау желілерінің тұрақты жұмысы, сондай-ақ ғимараттарда жүргізілген жөндеу жұмыстары қаралды.

Аудан басшысы әлеуметтік нысандардың қыс мезгілінде үздіксіз әрі қалыпты жұмыс істеуі тұрғындар үшін аса маңызды екенін атап өтті. Жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою, дайындық жұмыстарын сапалы аяқтау және инженерлік жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығы аудан басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1264056?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді