БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылы мезгілдің басталуына байланысты Алматы облысының полициясы Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кетуінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды күшейтті.

Рейдтер мен түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары жеткізіліп, терезелерге арнайы қорғаныс құлыптары мен бекіткіштерін орнатудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар мамандар москит торының қорғаныс құралы еместігін және оның баланың салмағын көтеруге арналмағанын ескертті.

Полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдырмауды, терезе маңына бала шыға алатын жиһаздарды қоймауды және балаларға терезе мен балконның қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отыру қажеттігін айтты.

Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ересектердің салғырттығынан және қарапайым қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан орын алады. Сондықтан әрбір ата-ананың қырағылығы мен жауапкершілігі баланың өмірі мен денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады.

Алматы облысының полициясы мен Қонаев қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балаларды әрдайым бақылауда ұстауға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1264415?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді