Басқармада аппараттық жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімдігі жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен аппараттық жиын өткізілді.

Жиын барысында аумақтық қорғаныс саласы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қазіргі жағдайы мен 2026 жылғы өзгерістер талқыланып, олардың практикалық қолданылуы жөнінде түсіндірме берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі ережелері түсіндірілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты қызметкерлердің баяндамалары тыңдалып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Жиын барысында айтылған кемшіліктер мен ұсыныстарды ескере отырып, тиісті жұмыстарды одан әрі жалғастыру тапсырылды. Сонымен қатар, берілген тапсырмалар мен айтылған ескертулерді хаттамаға енгізіп, оның жиынға қатысушыларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету міндеттелді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1264799?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді