
2026 жылғы 28 шілдеде Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер және әдеп мәселелері, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Урашева Сауле Тұрсынқызы, аудандық мәслихат депутаттары – тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері қатысты. Сондай-ақ ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сәкенов Әли Талғатұлы шақырылды.
Күн тәртібіне сәйкес Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №41-2-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә. Т. Сәкенов баяндама жасады.
Комиссия отырысы барысында аудандық мәслихат төрағасы Урашева Сауле Тұрсынқызы мен депутаттар жоспарланған бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттарына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №41-2-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынылған жобаға келісім беріп, оны сегізінші шақырылымдағы Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1264699?lang=ru

Жауап қалдыру