
БРЕНДІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті Ұлттық зияткерлік меншік институтымен (Qazpatent), Қызылорда облысы Әділет департаментімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және оларды сақтау мәселелері бойынша тегін онлайн-семинарға қатысуға шақырады.
Шағын және орта бизнес өкілдерін, отандық тауар өндірушілерді, кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді және барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды қатысуға шақырамыз!
📅 Күні: 2026 жылғы 31 шілде
🕙 Уақыты: 10:00
💻 Форматы: Zoom
Конференция идентификаторы: 285 329 1008
Қолжетімділік коды: 20262026
Семинар бағдарламасында:
✔️ тауар белгілерін тіркеу;
✔️ географиялық көрсеткіштерді және тауар шығарылған жердің атауларын тіркеу;
✔️ өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу;
✔️ бизнесті жосықсыз бәсекелестіктен қорғау;
✔️ зияткерлік меншікті бизнесті дамыту құралы ретінде пайдалану;
✔️ өтінімдерді беру және Qazpatent-тің жеке кабинетімен жұмыс істеудің практикалық аспектілері.
Қатысушылар:
• бренд пен өнімді көшіріп алудан қалай қорғауға болатынын;
• зияткерлік меншік объектілерін қалай тіркеуге болатынын;
• зияткерлік меншікті бизнесті дамыту үшін қалай пайдалануға болатынын;
• өзекті мәселелер бойынша сарапшылардың практикалық ұсынымдары мен жауаптарын қалай алуға болатынын біледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1264230?lang=ru

Жауап қалдыру