ІІМ жасөспірімдерге әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерге интернет кеңістігінде жеке қауіпсіздікке мән беру керегін ескертті, – деп хабарлайды Kazinform. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға, білім алуға және өмірдегі сәттермен бөлісуге мүмкіндік бергенімен, жеке мәліметтердің ашық жариялануы қауіп тудыруы мүмкін.

ІІМ негізгі қауіпсіздік ережелерін атады:

  • Жеке ақпаратты жасыру: мекенжай, телефон нөмірі, мектеп атауы, сабақ кестесі және орналасқан жерді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да деректерді жарияламау.
  • Геолокацияны кешіктіріп жүктеу: геолокация көрсетілген фото мен стористерді нақты уақыт режимінде салмау, оларды сол жерден кеткеннен кейін жариялау.
  • Достар тізімін шектеу: достар қатарына тек жеке танитын адамдарды қосу.
  • Құпиялықты баптау: парақшадағы баптауларды реттеп, жарияланымдарды тек сенімді адамдар көре алатындай ету.
  • Ақпарат бермеу: бейтаныс адамдарға жеке фотоларды, құжаттарды және құпия ақпараттарды жібермеу.
  • Күмәнді байланыстарды үзету: күмәнді адамдармен байланысты бірден тоқтатып, олардың аккаунттарын бұғаттау.

Министрлік өкілдері бейтаныс адам шамадан тыс қызығушылық танытып, жеке мәліметтерді сұраса, қайда жүргенін білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, бұл туралы ата-анаға, заңды өкілге немесе сенімді ересек адамға міндетті түрде хабарлау қажет екенін айтты.

«Сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар саны мен лайктардан әлдеқайда маңызды. Цифрлық ортадағы қарапайым ережелерді сақтау жеке деректерді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі», — деп еске салды ІІМ.

Еске салайық, Францияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1264357?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді